СҚО-да полиция қызметкерлері вейп сатушыларын ұстады

СҚО-да полиция қызметкерлері вейп сатушыларын ұстады

Солтүстік Қазақстанда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мақсатты жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз вейп саудасына күдіктілерді анықтады.

Жұмабаев көшесіндегі үйдің ауласында 24 жастағы петропавл тұрғыны мен Қызылжар ауданының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Қала тұрғынына тиесілі «Mazda» автокөлігінен 26 вейп тәркіленді. Полицейлердің айтуынша, жастар бұл өнімдерді «Telegram» арқылы сатқан.

Осы қылмысқа қатысы бар күдікті 18 жастағы Петропавл тұрғыны «Лада» автокөлігімен қала ішімен жүріп келе жатыр деген ақпарат алды. Кейін ол Пушкин көшесіндегі үйлердің ауласында ұсталды. Полиция қызметкерлері көліктің жүк салғышынан 154 вейп тәркіледі.

"Шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейп), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды, - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Рахат Нұрахметов. - Еске салайық, вейптердің айналымына тыйым салу ағымдағы жылы енгізілген болатын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының санкциясына сәйкес, күдіктілерге 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлдан 50 тәулік мерзімге қамауға алуға дейін жауапкершілік қарастырылған".