Петропавлдық жүргізуші полицейлерге бағынбағаны үшін ұзақ мерзімге қамауға алынды

Петропавлдық жүргізуші полицейлерге бағынбағаны үшін ұзақ мерзімге қамауға алынды

2 қыркүйектен бастап Солтүстік Қазақстанда полиция қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы режимінде жұмыс істеуде. Әсіресе оқу орындарының маңында жол қауіпсіздігін нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді.

Петропавл көшелерінде патрульдеу барысында полицейлердің назарын "ВАЗ-21063" автокөлігі аударды. Машинаны мас жүргізушінің айдап келе жатқаны болжанды. Жүргізуші тоқтау туралы талапқа жауап бермеді. Тәртіп сақшылары оны Залманов көшесінде ұстады. Рөлде 39 жастағы қала тұрғыны болған, жолаушылар қатарында - оның әйелі мен туысы болған. Үшеуінен де ішімдіктің иісі шығып тұрды.

Облыстық наркологиялық орталыққа жеткізген кезде ер адам қарсылық көрсетіп, медициналық куәландырудан өтуден бас тартты. Сонымен қатар, оның жүргізуші куәлігі тоқтатылғаны анықталды.

"Қазіргі уақытта құқық бұзушы медициналық куәландырудан бас тартқаны үшін 25 тәулік қамауда отыр", — деп хабарлайды Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. — Оған қатысты жазасын өтегеннен кейін полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін материал жинау жоспарлануда. Біз барлық жүргізушілердің ерекше назарын көлікті мас күйінде басқаруға болмайтынына аударамыз. Мұндай фактілермен күресу — полиция жұмысындағы басымдықтардың бірі".

2 күн ішінде облыста 6 мас жүргізуші анықталды. Барлығы 604 түрлі құқық бұзушылық анықталды, олардың ішінде — алкогольді ішудің немесе қоғамдық орында мас күйінде пайда болудың 101 фактісі бар.