"Назар аударыңыз — балалар!" республикалық акциясы

"Назар аударыңыз — балалар!" республикалық акциясы

🚔 2024 жылғы 26 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында облыс орталығы аумағында "Назар аударыңыз — балалар!" республикалық акциясы өткізілетін болады. Оның аясында Петропавл қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аулаларда және ойын алаңдарында балалармен жолдағы тиісті мінез-құлық туралы профилактикалық әңгімелер өткізеді.

👩‍👦‍👦 Тамыздың 26-нан елімізде «Назар аударыңыз - балалар!» акциясы басталды. Он күн бойы полицейлер балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша кешенді алдын алу іс-шараларын өткізеді. Қабылданып жатқан шаралар оқу жылының алғашқы апталарында автомобиль трафигінің артуы аясында жол-көлік жарақатын азайтуға бағытталған.