СҚО полицейлері дәрі-дәрмектерді қымбат бағамен саудалаудың 8 фактісін анықтады

СҚО полицейлері дәрі-дәрмектерді қымбат бағамен саудалаудың 8 фактісін анықтады

Соңғы апталарда СҚО полицейлері дәрі-дәрмектерді алыпсатарлықпен қарсы күрес бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде. Полиция бөліністері жұмылдырылып, дәріханаларды тексеріп, әлеуметтік желілерді мониторингілеуде. Басты назарда – дәрілік препараттарды заңсыз саудалау фактілері, оларды қымбат бағамен сату.

Бүгінгі күнге облыс аумағында 256 дәріханаға рейд жүргізілді. Негізсіз бағасын көтеріп сатудың 8 фактісі анықталды. Петропавл қаласындағы дәріханалардың бірінде «Гриппостад» дәрісі 1960 теңгеге сатылған, ал оның ақырғы құны 1631 теңгені құрайды. Келесі бір дәріханада «Аспирин Кардио» үшін 1670 теңге сұраған (оның бағасы – 1382 теңге). Мамлют ауданында «Кардиомагнил», «Тромбопол», «Аспирин Кардио», «Эффералган» сияқты дәрі-дәрмектердің, сондай-ақ медициналық бетперделердің бағасы негізсіз көтеріліп сатылған. Медициналық бетперделердің ақырғы құны 118 теңгені құраса, Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде 150 теңгеге сатылған.

Басқа жағдайларда вирустық ауруларды емдеуге арналған дәрілік препараттар және бетперделер: азық-түлік дүкендерінде, кейбір облыс тұрғындарының үйлерінде саудаланған. «Бұндай жағдайда сақтау ережелерін ұстану туралы және тауардың қауіпсіздігі туралы айтудың өзі қиын, - деп түсіндірді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. – Полицияның жұмысы адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, олардың мүдделерін қорғауға бағытталаған. Алыпсатарлармен күрес пандемия кезеңіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Аталған мәселелер СҚО бойынша Экономикалық тергеу және Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменттерімен өзара тығыз қарым-қатынаста шешілуде». Осындай бұзушылықтарды анықтауда мониторингілеу тобының жұмысы маңызды роль атқарды. Мониторингілеу тобымен танымал интернет-сервистерінде және мессенджерлерінде 139 хабарландыру тексерілді.

Облыс бойынша барлығы 14 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабы «Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу» бойынша және 424-бабы «Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет» бойынша материалдар жинақталды. Матералдар процессуалдық шешім қабылдау үшін СҚО бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаментіне жіберілді.