
Мопедтер, скутерлер, электросамокаттар жылдың жылы мезгілінде, әсіресе жастар арасында өте танымал. Дегенмен, жол қозғалысы ережелерін бәрі де толық біле бермейді.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында мопедтердің жүргізушілерінің зардап шегуімен орын алған 16 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Орын алған 11 жол-көлік оқиғасында нақ осы көлік құралдарының кінәсінен болған. Мопедтердің алты жүргізушісінің кәмелетке толмағандығы және төрт жағдайда олардың жолдағы мінез-құлқының апатқа әкеліп соққаны ерекше алаңдаушылық туғызады.
"Облыста 7 айда мопедтер жүргізушілерінің жол жүрісі ережелерін бұзуы 43 рет тіркелді, - дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Григорий Тыш. - Тәжірбие көрсетіп отырғандай электросамокат жүргізушілері жауапкершіліктен жұрдай екендігін байқауға болады. Жыл баснан олардың тарапынан 880 бұзушылыққа жол берілген. Полиция қызметкерлері болса көлік тәртібін арттыруға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар мен акцияларды үнемі өткізіп отырады".
Тәртіп сақшылары электр самокатында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға, олармен жаяу жүргіншілер өткелімен жүруге болмайтынын еске салады. Көліктің осы түрімен жолдың бөлігімен жүруге 18 жастан бастап және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда ғана болады.
Мопедті басқару кезінде қырағы болу, жылдамдық режимінің, жол белгілері мен таңбалардың талаптарын қатаң сақтау қажет. Сондай-ақ, шлемсіз жүруге жол берілмейді.
Жаңа оқу жылы қарсаңында ауқымды жедел алдын алу іс-шарасын өткізу жоспарланған, оның аясында жол қауіпсіздігін нығайту бойынша жұмыстар күшейтіледі.