
Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 808 адам қоғамнан оқшаулаусыз сотталған. Пробация қызметі учаскелік полиция инспекторларының көмегімен олардың жазаны өтеудің шарттары мен тәртібін сақтауын бақылайды.
Тамыздың 15-нен бастап полицейлер «Пробация» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге қатысады. Оның мақсаты - шартты түрде сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталанған қылмыстардың алдын алу. 5 күн ішінде облыс орталығы мен аудандарда тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша 806 адам тексерілді.
"Олардың тарапынан 17 тәртіп бұзушылық анықталды, учаскелік полиция инспекторлары хаттамалар толтырып, сотталғандарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының м.а. полиция полковнигі Григорий Тыш. - Бес жағдайда бірнеше рет қасақана бұзушылықтар, соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық фактілері тіркелген. Олар бойынша жиналған материалдар бас бостандығын шектеуді жазаның өтелмеген мерзіміне бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін сотқа жіберілді".