
Тәулік бойы жұмыс істейтін автосервистің қасында тұратын Петропавл тұрғыны Instagram парақшасының бірінде түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактісі жазылған бейнеролик орналастырған. Өндірістік шудан басқа, бейнежазбада қатты музыка да естіледі.
Жарияланымды полиция қызметкерлері анықтады. "Құрметті пайдаланушылар! Полиция қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істейтін шинажөндеу шеберханасы мен автокөлік құралдарын жуу бойынша мамандандырылған орынның қызметкерлерімен түнгі уақытта тыныштықты бұзуға жол бермеу бойынша қосымша профилактикалық әңгімелесулер өткізеді", - деп Петропавл қалалық полиция басқармасындағы жарияланымға түсінік берді.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары қала және облыс тұрғындарына құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жедел әрекет ету үшін - әлеуметтік желілерде осындай фактілер туралы ақпаратты жариялап қана қоймай, құқық бұзушылықтың орналасқан жерін, күні мен уақытын көрсете отырып, жедел түрде полицияға мобильдік қосымша немесе «102» нөміріне хабарласуды сұраймыз.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері түнгі шу фактілері бойынша 1369 хабарламаға жауап берді, оның ішінде 1089 - Петропавл қаласы аумағында.