31 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды - СҚО-да полицейлер «Таза Қазақстан» акциясына қатысуда

31 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды - СҚО-да полицейлер «Таза Қазақстан» акциясына қатысуда

15 сәуірден бастап Солтүстік Қазақстанда полицейлер «Таза Қазақстан» акциясына қатысуда.

Облыс аудандарында 77 мобилді тобының құрамында жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері заңсыз қоқыс тастайтын жерлерді анықтау бойынша жұмыс істеуде. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің, экологтар мен облыс әкімдігі қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен жұмыс тобы құрылды.

Бүгінгі күні топтармен 94 рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастыру орнын анықталды. Ол ең көп - Қызылжар, Мамлют және Аққайың аудандарында (тиісінше 36, 19 және 14 заңсыз қоқыс тастайтын жерлер), сондай-ақ Петропавл аумағында 8 заңсыз қоқыс тастайтын жерлер бар.

Жергілікті атқарушы органдарға шаралар қабылдау үшін қажетті материалдар жіберіледі. Қазіргі уақытта облыс аумағында 31 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды.

"Қазірдің өзінде 800-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізілді, - дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының м.а. полиция полковнигі Григорий Тыш. - Сондай-ақ, акция барысында 5814 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 964 - жалпы пайдаланудағы жерлерді ластау фактілері, ал 4850-і - абаттандыру ережелерін бұзу фактілері бойынша. Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты - рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлердің "таралуын" тоқтатып қана қоймай, адамдардың арасында елді мекендер мен облыс табиғатының ластануына нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру".