
Мемлекеттік тілде өткен іс-шараға тәртіп сақшылары тарапынан ПД аппаратынан, яғни арнайы жұмылдыру даярлығы басқармасы және жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Әлем таныған ұлы Абай» көрмені тамашалап, өлеңдерін оқып, әндерін шырқап, «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» блин-ойнына қатысып, «Абайды білесің бе!» әдеби лототронда бақ сынап, білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар, қазақ халқының ұлы ақынының шығармашылығы және күрделі де қиын өмір жолы жайлы білімдерін шыңдай түсті.
СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімінің басшысы Сән Жұмағазинаның айтуынша, осындай іс-шаралар қызметкерлердің мемлекеттік тілді терең оқуына серпін береді. Бұл бөлім жұмысының маңызды бағытының бірі. Бөлім қызметкерлері тәртіп сақшыларының мемлекеттік тілді оқуын ұйымдастырып қана қоймай, тілді кеңінен насихаттауға ат салысады. Облыстық полиция ведомствосында іс жүргізу толық мемлекеттік тілге көшірілген.