
Өткен демалыс күндері Петропавлдық полицейлер карантиндік шараларды сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Ашық аспан астында жұмыс істеп тұрған және адамдар көп жиналатын басқа да орындарға баса назар аударылды. Облыс орталығында 32 объекті, дәлірек айтқанда дүкендер, дәмханалар, базарлар тексерілді.
Тексеру жұмыстары кезінде Парковая көшесіндегі жазғы дәмханалардың бірінде 30-дан астам адам отырған, олардың арасында әлеуметтік арақашықтық сақталмаған. Үстелдер арасында қауіпсіз арақашықтықтың сақталмауы, мекеме қызметшілерінің дене қызуын өлшеудің бақылауға алынбауы – басқа да дәмханалардың иелеріне қатысты карантин талаптарын сақтамағаны үшін материал жинауға негіз болды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша Петропавлда 5 материал жиналып, олар қазіргі уақытта шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жіберілді», - дейді Петропавл қ. Полиция басқармасы құрамындағы Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Айдын Ақмағамбетов.
СҚО ПД баспасөз қызметі
#polisia #полиция #police