Алматы қаласының тұрғыны ата-анасын іздеуге көмектескен солтүстікқазақстандық полицейлерге алғысын айтты

Алматы қаласының тұрғыны ата-анасын іздеуге көмектескен солтүстікқазақстандық полицейлерге алғысын айтты

Солтүстік Қазақстан облысының полициясына Алматы қаласында тұратын әйел хабарласып, қарт ата-анасын іздеуге көмектесуді сұраған. СҚО-да тұратын ата-анасы оның қоңырауларына бір тәулік бойы жауап бермеген. Олар жидек пен саңырауқұлақ теру үшін орманға кетуі мүмкін деген ой келген. Туыстарға хабарласудан да ештеңе шықпаған. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері ерлі-зайыптылар мінген автокөліктің Қызылжар ауданының Якорь ауылы бағытында кеткенін анықтады. Іздеу жұмыстарына аудандық, қалалық жедел уәкілдер, учаскелік полиция инспекторлары мен волонтерлар да қосылды. Қуанышқа орай, Соколовка ауылында ата-анасының таныстары тұратын болып шықты. Олар алматылық әйелдің ата-анасы Ресейдің көрші Ишим қаласына кеткенін айтты. Бұны шекара қызметінің қызметкерлері растады. Бұл туралы бірден әбден амалы таусылған қыздарына хабарланды. Ол қуаныштан полицейлерге алғысын жаудырды.

«Мен полицейлерге жүгінгеннен кейін маған бірнеше қызметкер хабарласты. 5-6 сағат бойы менімен байланыста болды. Мәліметтер жинады... Полиция қызметкерлері ата-анамның басқа мемлекетке отбасылық іс-шараға кеткенін анықтады... Іздеу жұмыстарын жүргізгендері және осы жағдай қуанышты аяқталғаны үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Құқық қорғау органдарында көмектесуге дайын осындай адамдардың қызмет атқарып жүргені қуантады», - дейді Алматы тұрғыны.

СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, мұндай фактілер жиі кездеседі. Осындай келеңсіз жәйттер орын алмас үшін, полицейлер адамдарға өз жоспарлары туралы жақындарына айтып отыруға кеңес береді. Жыл басынан СҚО полицейлеріне адамдардың із-түссіз жоғалуы туралы 276 хабарлама келіп түсті, қазіргі уақытта 274 адамның жүрген жері анықталды.