"Жолда қабылдау" акциясының екі күнінде Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасына 60-тан астам сұрақ келіп түсті

"Жолда қабылдау" акциясының екі күнінде Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасына 60-тан астам сұрақ келіп түсті

✅ "Жолда қабылдау" акциясының екі күнінде Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасына 60-тан астам сұрақ келіп түсті.

📍 Азаматтарды қабылдау пункті Петропавл қ. "Береке" ықшам ауданы, Нефтепроводная көшесі, 7 мекенжайындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында орналасты. Акция барысында қаралған негізгі сұрақтар: автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру тәртібі, айыппұлдарды төлеу.

🤝 СҚО ПД ӘПБ бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов бастаған әкімшілік полицейлер мен Мамандандырылған ХҚКО мамандары адамдарды көзбе-көз қабылдап қана қоймай, әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізіп сұрақтарға жауап берді, азаматтар call-орталықтың телефондарына да жүгінуге мүмкіндік алды.

🗓 ⌚"Жолда қабылдау" республикалық акциясының келесі кезеңі тамыз айының ортасына жоспарланған.