Өртте құжаттар жанып кетті - СҚО тұрғыны жеке куәлігін алуға көмектескені үшін полицейлерге алғыс айтты

Өртте құжаттар жанып кетті - СҚО тұрғыны жеке куәлігін алуға көмектескені үшін полицейлерге алғыс айтты

Қостанай облысының 40 жастағы тұрғыны алғаш рет Жамбыл ауданы полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамовтың қолынан жеке куәлік алды.

Өз мәселесімен ол наурыз айында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні аясында полицияға жүгінген. Анықталғандай, ол анасынан ерте айырылған, ал туу туралы куәлігі 9 жасында өртте жанып кеткен. Ескі үлгідегі төлқұжатпен қалған әкесі құжаттандыру мәселесімен айналыспаған. Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келген әйел құжаттарды қалпына келтіруді қолға алған, алайда ұзақ мерзімге байланысты түрлі қиындықтар туындады.

Оларды шешуге аудандық полиция бөлімінің құрамындағы көші-қон қызметі тобының қызметкерлері көмектесті. Олар азаматтықты анықтау бойынша үлкен жұмыс атқарып, көптеген мекемелерден, бұрынғы тұрғылықты жеріндегі көршілерден жауаптар жинады. Үш айдан кейін ол өміріндегі алғашқы жеке құжатын алып, полицияға көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғысын білдірді: "Енді мен ресми түрде жұмысқа орналасып, барлық әлеуметтік қызметтерді пайдалана аламын. Үлкен рахмет! "

"Адамдарды құқықтық мәртебе мәселесіне мұқият қарап, құжаттарды уақтылы алып, алмастыруды сұраймыз, - дейді полиция полковнигі Мейрамов. - Туындаған барлық сұрақтар бойынша аумақтық полиция бөлімінен кеңес алуға болады. Полиция қызметкерлері әрқашан көмек көрсетуге дайын ".