СҚО-да полицейлер вейптарға тыйым салынғаны туралы хабарлайды

СҚО-да полицейлер вейптарға тыйым салынғаны туралы хабарлайды

"Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні Солтүстік Қазақстандағы полицейлер шегілмейтін темекі өнімдеріне, вейптарға, хош иістендіргіштерге және олардың сұйықтықтарына тыйым салу енгізілгені туралы хабарлайды. Заң оларды сатуға, таратуға, әкелуге және өндіруге тыйым салады.

Аталғандардың айналымы бұдан былай ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының 1-бөлігінің қолданысына жатады және 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізуді не 200 сағатқа дейінгі мерзімде қоғамдық жұмыстарға тартуды не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді.

Әкелу және өндіру үшін осы баптың екінші бөлігіне сәйкес 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не қоғамдық жұмыстарға 600 сағатқа дейін тарту, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

"Егер 301-1 — баптың алғашқы екі бөлігінде көзделген әрекеттерді қылмыстық топ аса ірі мөлшерде немесе бірнеше рет жасаса, жаза 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының м.а. полиция подполковнигі Александр Розбах. -Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтарынан заңнаманың талаптарын білуді және мүлтіксіз сақтауды сұраймыз".