Адамдарды құтқару үшін от пен суға түскен: СҚО-да жас полицейлер үшін ерлік сабағы өткізілді

Адамдарды құтқару үшін от пен суға түскен: СҚО-да жас полицейлер үшін ерлік сабағы өткізілді

Нағыз полицейді от та, су да тоқтата алмайды. Бұған Қазақстан полициясы күні қарсаңында ерлік сабағына шақырылған 20 жас полиция қызметкері көз жеткізді. Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысы ПД музейінің кинозалында өтті. Жас қызметкерлер Қазақстан полициясының нағыз батырларымен кездесті.

Солардың бірі – көп жылдар бойы учаскелік инспектор қызметін атқарған ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полиция подполковнигі Азат Мұхамедин. Сегіз жыл бұрын ол ер адамды жанып жатқан пәтерден құтқарған. Содан кейін, өз өмірін қатерге тігіп, Азат пәтерге оралып, өртті ауыздықтаған, оның таралуын болдырмады.

Ерлік сабағының екінші қатысушысы Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының 29 жастағы инспекторы Олег Головин. Өткен күзде ол Есіл өзенінің үстіндегі көпірден мұзды суға құлаған әйелді құтқарды.

«Неліктен сіз полиция қызметкерінің мамандығын таңдадыңыз? "Қызметте төтенше жағдайлар жиі кездеседі ме?». Осы және басқа да сұрақтарды полицияға жуырда ғана қызметке келген жас мамандар ерлік жасаған қонақтарға қойды.

Өкінішке орай, ерлік сабағының үшінші кейіпкері бұл өмірде жоқ. Учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Анатолий Добрынин 30 жыл бұрын Ленин (қазіргі Есіл) ауданының ІІБ-не шабуыл кезінде қаза тапты. Ол полиция бөліміне кіріп келген екі қарулы қылмыскерге төтеп беріп, денесімен жапты, қылмыскерлер ішке күшпен басып кіріп, табельдік қаруды алып кетпек болған. 41 жыл бұрын тәмәмдаған ҚР ІІМ Алматы академиясының өтініші бойынша ҚР Президентінің 2024 жылғы 2 мамырдағы Жарлығымен Анатолий Добрынин қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ол туралы полиция музейінің қонақтары фильмнен білді.

Жас қызметкерлердің алдында облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Михаил Бедных мен ІІО ардагері Ермек Асықпаев сөз сөйледі. СҚО ПД музейінің меңгерушісі Любовь Осинская атап өткендей ерлік сабақтары — полицейлердің жас ұрпағын патриоттық тәрбиелеуге бағытталған департаменттің жақсы дәстүрі.

#полициякүні
#деньполиции
#policeday