
Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Тергеу әрекеттері барысында мән-жайды анықтау үшін аудан орталығының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Тәртіп сақшылары тексеру мақсатымен ер адамнан iPhone14 маркалы ұялы телефонын беруді сұрады. Бірақ жергілікті тұрғын олардың заңды талабын елемей, құрылғыны сындырмақ болды. Полицейлер оның әрекетін тоқтатты, бірақ ер адам қызметкерлердің бірінің бетіне соққы жасады.
«Күдікті ұсталды. Оған қатысты алауыздықты қоздыру және билік өкіліне күш көрсету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Денсаулыққа келтірілген зиянның дәрежесін сараптама көрсетеді», - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев.