Өмірден өтсе де есімі жадымызда

Өмірден өтсе де есімі жадымызда

Адам өмірден өтеді, бірақ ол адам жайлы бірге өмір сүргендер, дос-жарандар, бірге қызметтес болған әріптестерінің жүрегінде, есінде қалады.

СҚО Полиция департаменті қызмет атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерін ерекше құрметпен еске алады. Тоғыз қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде қарулы қылмыскерлердің қолынан қаза тапты.

Олардың қатарында Петропавл қалалық ішкі істер бөлімінің полиция сержанты Юрий Васильевич Медведев те бар. 1963 жылдың 16 желтоқсан күні басына оқ тиіп, қылмыскердің қолынан қаза тапты. Петропавлда жерленді.

Өкінішке орай, барлық жақын туыстары да өмірден өтті, балалары басқа жаққа көшіп кетті. Бірақ әкесінің басына келіп тұрады. Қазақстан полициясы күні қарсаңында облысымыздың ішкі істер органдарының ардагерлері отставкадағы полиция подполковнигі Зинаида Михайловна Трусова, отставкадағы полиция капитаны Жұмабек Мырзабекұлы Байбосынов және оның немере ағасы СҚУ оқытушысы Анатолий Андреевич Плешаков марқұмның басына барып, маңайын жинастырып, тазалады.

Арада 60 жыл өтсе де, ержүрек учаскелік полиция инспекторының есімі жадымызда. Біздің өлкемізде алғаш рет тарихта 1964 жылы Петропавл қаласындағы көшелердің бірі қайсар полицейдің есімімен аталды. Бүгінде облыс орталығының екі көрнекті жері Ботаникалық бақ пен Нептун аквапаркі сол көшеде орналасқан.

Оның есімі Петропавл қ. ПБ және Полиция департаменті ғимараттарының жанындағы ескерткіштерде, қалалық полиция ғимаратындағы мемориалдық тақтада жазылған.