
СҚО полицейлері алкогольдік өнімдердің айналымына қатысты заңнама бұзушылықтарына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізуде. Фактілерге сүйенсек, көптеген құқық бұзушылықтар спирттік ішімдіктерді асыра пайдалану салдарынан жасалады. Жыл басынан СҚО-да масаң күйде 378 қылмыс жасалған. Оларды алдын алудың басты әдістері – көңіл көтеру мекемелері жұмысындағы бұзушылықтарды, қоғамдық орындарда алкоголь ішу және масаң күйде жүру фактілерін, сондай-ақ алкоголь өнімдерін заңсыз өткізуді анықтау. Тәртіп сақшылары рейдтік іс-шаралар өткізеді, жедел ақпараттарды тексеріп, халықтан келіп түсетін сигналдар бойынша әрекет етеді.
Шілденің басында Шал ақын ауданының полиция бөліміне ауылдардың бірінде Петропавл қ. тұрғыны «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің тура жүксалғышынан алкогольдік өнімді заңсыз сатуды жүзеге асырып жатқандығы жайлы ақпарат келіп түсті. «Автомобиль тексеру үшін учаскелік полиция инспекторымен тоқтатылды. Облыс орталығының 1970 ж.т. тұрғыны жүксалғышына спирттік өнімнің қайдан келгенін түсіндіре алмай, полицейлердің заңды талаптарын елеместен, тайып тұрған. Қазіргі уақытта құқық бұзушы ұсталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы «Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау» бойынша жауапкершілікке тартылды», - деді Шал ақын ауданының ПБ бастығы Руслан Мұхамбетжанов.
6 айдың қорытындысы бойынша облыста алкогольдік өнімдерді заңсыз сатудың 120 фактісі анықталды. Келесі бір міндет – кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктер ішуіне жол бермеу. Жыл басынан 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкогольдік өнімдер сатқаны үшін 79 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. Тағы алтауы – ҚР Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін.
Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 500 литрден астам сертификатталмаған, оның үстіне, сатып алушылардың денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп төндіретін алкоголь өнімдерін алды. Өткен аптада Ақмола облысында суррогаттық алкоголь өнімінен уланудан 10 адам қайтыс болды.
СҚО ПД баспасөз қызметі