СҚО-да полиция қызметкерлерімен бір күнде автобус жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерінің 30 фактісін анықтады

СҚО-да полиция қызметкерлерімен бір күнде автобус жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерінің 30 фактісін анықтады

Қоғамдық көлік жолаушыларының қауіпсіздігі - полицияның ерекше назарында. Сондықтан да, 10 маусымнан бастап Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Автобус» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.

Тәртiп сақшылары көлiктiк бақылау инспекциясының қызметкерлерiмен бiрлесiп автобус бағыттарында тексерулер жүргiзуде. Жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күнінде адамдар мен жүктерді тасымалдайтын жүргізушілер тарапынан 30 бұзушылық анықталды.

Олардың арасында - жүріп кетпеуге қарсы құрылғының болмауы, есіктің апаттықық ашылуының жұмыс істемейтін тетігі, жолаушылар жағынан жарықтар бар шыны сияқты бұзушылықтар.

"Бұл кемшіліктер жарақатқа әкелуі мүмкін, - деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Григорий Тыш. - Тәртіп бұзушылар көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, көлік басқарып келе жатып ұялы телефонды пайдалану мен маневр жасау ережелерін бұзудың 4 фактісі, жылдамдықты арттырудың бір жағдайы анықталды. Өткізілетін тексерулердің мақсаты - Солтүстік Қазақстан облысы жолдарындағы көлік тәртібін нығайту және апаттылықты азайтуға бағытталған".