
СҚО аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі өткізілуде. Жол қауіпсіздігі – полицейлер жұмысының негізгі желілерінің бірі. Бұл әсіресе кәмелетке толмаған жол жүрісіне қатысушылар көп жүретін жазғы демалыс кезінде өзекті.
Қызметкерлер ауыр салдарға әкеп соғатын апаттылық жағдайлар тудыратын ЖЖЕ өрескел бұзушылықтарын анықтауға және жолын кесуге бағдарланған.
Тәжірибе көрсеткендей, полиция қызметкерелері көлік құралдарын тоқтатқан кезде тараптардың құқықтары мен міндеттерін біле бермейтін жүргізушілер кездесіп жатады, - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Григорий Тыш. – Еске сала кетейік: «Жол жүрісі туралы» ҚР Заңының 52-бабымен көлік құралын тоқтатудың 9 негізі қарастырылған, оның ішіне арнайы іс-шараларды жүргізу кіреді. Қызметкер өзін таныстыруға және көлік құралын тоқтату себебін түсіндіруге міндетті. Жүргізушінің талабы бойынша қызметтік куәлігін көрсетуі қажет, құжат жолаушының қолына берілмейді. Басқа құжаттарды ұсыну көзделмеген. Ал жүргізуші өз тарапынан автомашинаға және жүгіне құқық белгілейтін құжаттарын ұсынуға, қызметкердің заңды талаптарын орындауға, оның ішінде медициналық куәландырудан өтуге міндетті. Жүргізушіге фото-бейнетүсірілім жасауға болады».
ЖПІШ жүргізу аясында облыс жолдарында тексеру күшейтілген режимде жүргізіледі. Тәртіп сақшылары маусымның 1-нен ЖЖЕ 484 түрлі бұзушылықтарын анықтады, оның ішінде жылдамдықты асырудың 228 фактісі, масаң күйде көлік басқарудың 10 фактісі анықталды.
Полицейлер жүргізушілердің заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады.