
СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавлдағы оқушылар сарайында ұстаздармен кездесті.
Кездесуге білім ошақтары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Тәртіп сақшылары террористік қауіп туындаған кездегі әрекеттер туралы айтты, терроризм актілері туралы көрінеу жалған хабар тарату үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік жайлы ескертті.