Полицейлер мемлекеттік тіл мен Қазақстан тарихынан білімдерін ортаға салды

Полицейлер мемлекеттік тіл мен Қазақстан тарихынан білімдерін ортаға салды

Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында облыстық полиция департаменті аппаратының және Петропавл қ. Полиция басқармасының қызметкерлері «Рәміздер - рухымыз» тақырыбында өткен интеллектуалдық-саяси панорамаға қатысты.

Іс-шараны СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімі И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастыра отыра, мемлекеттік тілде өткізді.

Жүргізушінің тәуелсіз Қазақстанның Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының тарихы мен маңызы жайлы айтқан танымдық бөлімі интеллектуалдық ойынмен ұласты. Үш командаға бөлінген тәртіп сақшылары Конституция, ел тарихы, Отанымыздың адал перзенттерінің өмірі жайлы қойылған сұрақтарға жауап беріп, білімдерін ортаға салды.

Қатысушылардың бәрі ел тарихын жетік білетіндігін, зеректігін көрсетті. Нәтижесінде шамалы ұпай санымен Петропавл қ. ПБ топ жарып, жүлдегер атанды.

«Мұндай іс-шаралар қазақстандық патриотизмді нығайтып, полиция қызметкерлерінің имиджін көтеруге септігін тигізеді және серпін береді», - деп атап өтті СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімінің басшысы Сән Жұмағазина.