«Динамо» қоғамы мен полицейлер ерекше балаларға мерекелік іс-шара ұйымдастырды

«Динамо» қоғамы мен полицейлер ерекше балаларға мерекелік іс-шара ұйымдастырды

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында солтүстікқазақстандық «Динамо» қоғамы мен полицейлер ерекше балалар үшін әсерлі мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

«Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамына отбасылық үлгідегі балалар ауылының, №1 және №2 арнайы мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері және ювеналдық полицейлер шақыруға ұсынған жасөспірімдер келді.

«Динамо» қонақтары Ольга мен Михаил Лахтиннің хореографиялық мектеп-студиясынан келген бишілердің, халықаралық конкурстар лауреаттарының орындауындағы «Боз жорға» биін, акробатикадан спорт шеберіне үміткерлер Даниил Ахуткин мен Элис Миллердің өнерін, аралас жекпе-жек федерациясының «Сұңқар» клубынан келген тәрбиеленушілерінің өнерін тамашалады. Бұдан бөлек, талантты полиция қызметкерлері ән шырқады және аниматорлар қатысты.

Содан кейін балалар асфальт үстіне сурет салып, спорттық жарыстарда өз араларында мықтыларды анықтады.

«Динамо» ДШСҚ облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Туғанбаев балаларды оқу жылының аяқталуымен және балалар мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық және тамаша демалыс тіледі.

«Балалар – біздің стадионға жиі келіп тұрады. Мұндай іс-шаралар жақсы көңіл-күй сыйлап қана қоймай, спортқа деген құлшынысты арттырады. Мерекенің қызықты өтуіне СҚО ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және ювеналдық полицияның қызметкерлері атсалысты. Олардың жұмысы өскелең ұрпақты әлеуметтендіруге, заңды құрметтеуге үйретуге және патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған», - дейді Талғат Туғанбаев.