Полиция ведомствосының объектілерінде экскурсия өтті

Полиция ведомствосының объектілерінде экскурсия өтті

Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері № 17 орта мектеп оқушыларына облыстық полиция ведомствосының нысандарына экскурсия өткізді. Іс-шара «Назар аударыңыз-балалар!» республикалық акциясы аясында өткізілді.

Жиырмадан астам бастауыш сынып оқушылары патрульдік полиция батальоны мен ПБ ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге СҚО ПД мұражайы мен жедел басқару орталығына барды. Балалар өңірдің ішкі істер органдарының бай тарихымен танысып, жедел басқару орталығының функционалдығы мен жұмысын ұйымдастыруды көрді.

СҚО ПД кинологиялық қызмет орталығында балалар қызметтік-іздестіру иттері бар қоршауларға барып қайтты. Төрт аяқты жануарлар жаттығу алаңында өз дағдыларын көрсетті.

Экскурсия ПБ ППБ атты әскер бөлімшесінің орналасқан жерінде аяқталды; балалар атты әскерлердің жұмысын ұйымдастырумен таныстырылды және қызметтік аттарға мінді.