
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде жеке күзет құралымдарының басшыларымен жұмыс кездесуі өтті.
СҚО ПД күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы полиция полковнигі Руслан Даньяров хабарлағандай, бүгінде облыста олардың саны 1700-ден асады. 4418 объект күзетте, оның ішінде 541 объект физикалық күзетпен қамтамасыз етілген, қалғандары — пульттік.
Бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алудың өзекті мәселелері қарастырылды. Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди дабыл қағылған кезде оқиғаларға уақтылы ден қою және объектілерді сапалы тексеру мәселелері бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізуді, сондай-ақ халықты үгіттеу мен заманауи күзет жүйелерін орнатудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді ұсынды.
СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының м.а. полиция подполковнигі Александр Розбах күзет құрылымдарының басшыларына халықпен жиындарда учаскелік инспекторлармен бірлесіп үгіт жұмыстарын жүргізуді ұсынды.
Білім беру мекемелерінің қауіпсіздігі де тілге тиек етілді. Полицейлер дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша күзет құрамаларының жеке құрамын оқыту бойынша кадрларды іріктеу және сабақтар өткізу бойынша бірқатар ұсыныстар шығарды.
"Ағымдағы жылы мемлекеттік емес күзет құрылымдарының қызметкерлері қылмыстарды ашудың 6 фактісіне қатысты, 43 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, күзетілетін объектілерде 5 ұрлық пен құқық бұзушылықтың алдын алды, — деп атап өтті СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев. - Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды жетілдіру бойынша нақты қадамдар белгіленді".