
Із-түссіз жоғалған зейнеткердің жүрген жері анықталды. 72 жастағы Харитонова Любовь Владимировна 1 шілде күні сағат 13.00 шамасында белгісіз бағытта кетіп қалып, бір тәулік бойы оның жүрген жері туралы ешқандай ақпарат болмады. Уайымдаған туыстары полицияға хабарласып, қарт әжейдің жоғалғанын айтқан. Дереу полиция қызметкерлері мен еріктілер бірлесіп, оны іздеуге көшті. Зейнеткер Петропавлдағы аудандардың бірінен табылды.