СҚО полицейлері отандық «Набат» операциясы» фильмін тамашалады

СҚО полицейлері отандық «Набат» операциясы» фильмін тамашалады

Солтүстікқазақстандық полицияның 125 қызметкері боевик жанрындағы отандық «Набат» операциясы» фильмін көріп қайтты. Фильм 1992 жылы тұтқыннан қашқан қылмыскерлер қалааралық автобустың жолаушыларын кепілге алған шынайы оқиғаға негізделген. Сондай-ақ фильмде тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы милиция қызметкерлерінің жанқиярлық әрекеттері суреттеледі.

Фильмнің көрсетілімін СҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасы ұйымдастырды. Бұл күні «Новый свет» кинотеатрына облыстық полиция департаменті аппаратының және Петропавл қ. полиция басқармасының, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың кезекшілікке жұмылдырылмаған қызметкерлері жиналды. Отандық кинематографистердің туындысын тамашалап қайтқан тәртіп сақшылары жақсы әсермен шықты.

«Іс-шара қызметкерлердің жауынгерлік рухын көтеруге және отаншылдық сезімін нығайтуға бағытталған, - дейді СҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Тасимов. – Біздің қызметкерлер бірнеше апта бойы су тасқынына қарсы күрес шараларына жұмылдырылды. Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті. Осыған байланысты осындай мәдени демалыс ұйымастырылды».