СҚО-да табиғи ресурстарды заңсыз өндірудің фактісі анықталды

СҚО-да табиғи ресурстарды заңсыз өндірудің фактісі анықталды

Полиция департаментінде маусымның 25-28 аралығында облыс аумағында өткізілген «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылауда. Үш тәулік ішінде полиция қызметкерлері Экология департаменті, Облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлерімен бірлесе, құқық бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстарды анықтау және олардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізді.

Кешенді жұмыстың нәтижесінде облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасының 153 бұзушылығы анықталды. Экологиялық қылмыстар фактілері бойынша сотқа дейінгі екі тергеу жүргізілуде.

... Шал ақын ауданында табиғи ресурстарды заңсыз өндіру фактісі анықталды. Рейдтік іс-шаралар барысында Шал ақын ауданының ПБ ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы полиция майоры Ғали Смағұлов Крещенка а. маңындағы ескі кен орнынан техниканың қозғалысын байқайды. Оқиға орнына келісімен белгісіз адамдардың арнайы тиейтін техникамен 2 «КамАЗ» автомашинасына қиыршық тас тиеп жатқандарын көреді.
Аталған факті ҚР ҚК 334-бабы 1-б. «Жер қойнауын өз бетінше пайдалану» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тексеріс кезінде ЖШС аумағындағы жол мен алаңға, қоймалардың үй-жайларына төсеу үшін жеке өзінің бастамасы бойынша ЖШС бірінің басшысы бірнеше күн бойы карьерден қиыршық тасты заңсыз тасымалдауды жүзеге асырғаны белгілі болды. Ол қиыршық тасты өндіру бойынша ешқандай рұқсат құжаттарын ресімдемеген, өкілетті органға жүгінбеген. Шығарылған қиыршық тастың жалпы салмағы 480 тоннаны құрады, келтірілген шығын сомасы анықталуда...

ҚР ӘҚБтК 382-бабы «Аң аулау қағидаларын бұзу» бойынша 94 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балық аулау қағидаларының 32 бұзушылығы анықталды.

Тексеріс барысында азаматтық және қызметтік қаруды және оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзудың 21 фактісі анықталды. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына заңнаманы қатаң ұстану қажеттілігі түсіндірілді.

ҚР ӘҚБтК 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» бойынша және ҚР ӘҚБтК 381-1-бабы «Заңсыз кесу» бойынша 4 материал әкімшілік сотқа жіберілді.
СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, «Осындай мақсатты іс-шаралар, біріншіден, заңсыз аңшылық, биоресурстарды заңсыз жаппай жою фактілерін анықтау мен жолын кесу, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды ашу бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастыруға бағытталды. Операция аяқталғанмен, облыста жануарлар мен орман шаруашылығын қорғау бойынша жұмыс жалғасады...».

СҚО ПД баспасөз қызметі