
СҚО полиция департаментінің музейінде мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жас полицейлері үшін 9 мамыр мерекесіне арналған экскурсия өткізілді.
Музейдегі төрт залдың біреуі Ұлы Отан соғысына және Ауған соғысына қатысқан солтүстікқазақстандық ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған. Музей меңгерушісі отставкадағы милиция подполковнигі Любовь Осинская музей қонақтарына әр майдангердің жауынгерлік жолы жайлы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ полицейлерге соғыстың басталғаны және соғыстың жеңіспен аяқталғаны туралы хабарлайтын Юрий Левитанның дауысы тыңдатылды. Қызметкерлер бір минут үнсіздікпен метрономны да тыңдады.
Мыңдаған экспонаттардан бөлек, департамент музейінде кинозал да бар. Бұл жерде жас қызметкерлерге жеңістің жақындауына өз үлестерін қосқан қазақстрандықтар туралы патриоттық бейнероликтер көрсетілді. Сақшылар «Журавли» әнінің тарихымен танысып, ҰОС ардагерлеріне арналған өлең жолдарын тыңдады.
«Жеңіс солдаттарының ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Бұл – жас қызметкерлер үшін үлгі болады деген сенімдеміз, - дейді отставкадағы милиция подполковнигі Любовь Осинская. – Мұндай экскурсиялар жиі өткізіліп тұрады. Олар жастардың бойында патриоттылықты тәрибелеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады».