
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ақордада өткен мерекелік іс-шарада Петропавл қ. патрульдік полиция батальонының қызметкері Олег Головин Мемлекет басшысының қолынан Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденін алды.
Полиция лейтенанты Головин 2016 жылдан бері батальонда жұмыс істеп келеді. Қызмет барысында бірнеше рет адамдардан алғыс алып үлгерген. Өткен жылдың күзінде өз өміріне қауіп төндіріп, түнгі уақытта Есіл өзеніндегі көпірден құлап, жағалаудағы қамыстарға батып қалған әйелді мұзды судан шығарды.
Олег жоғары награданы сенім белгісі және одан әрі қызмет етуге ынталандыру деп санайды.