
"Полиция генерал-майоры" шенін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен салтанатты шарада СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновқа табыстады.
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы" Жарлыққа қол қойды.
Осы Жарлықпен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдиновке полиция генерал-майоры арнайы атағы берілді.
Айдын Қабдұлдинов ішкі істер органдарындағы қызметін 1994 жылы бастаған. СҚО полиция департаментін 2022 жылдың қаңтар айынан бастап басқарады.