
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде Отан қорғаушы және Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өтті. Отыздан астам офицерлер мен сержанттар түрлі наградалармен марапатталды.
СҚО полиция департаменті – өңірдегі ең ірі құқық қорғау ведомствосы. Полиция қызметкерлері күн сайын тәулік бойы құқықтық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қылмыспен күреседі. Бұдан бөлек, сәуірдегі су тасқыны кезінде құтқарушылармен, медицина, әкімдік қызметкерлерімен және волонтерлармен бірге алғы шепте болып, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін күресті. Мемлекеттік мерекелерге орай марапаттар алу олар үшін үлкен қуаныш және мәртебе болып табылады.
Қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін және жас қызметкерлерді тәрбиелеуге үлес қосып жүргені үшін ішкі істер органдарының 35 офицері мен сержантын, ардагерлерін СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев марапаттады. Олардың қатарында Уәлиханов ауданы полиция бөлімінің бастығы Руслан Әлижанов та бар. 7 мамыр күні қарсаңында «полиция полковнигі» арнайы атағын алып отыр. Ал «полиция подполковнигі» арнайы атағын Арықбалық ауылындағы поселкелік полиция бөлімшесінің бастығы Нұрлан Қалдарбеков пен Тайынша ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ерлан Ибраев алды. Сондай-ақ бірқатар полицейлер төсбелгілермен, медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Салтанатты жиын СҚО полиция департааментінің мәдени орталығы әзірлеген шағын музыкалық бағдарламаға ұласты. Әсіресе, үрмелі оркестрдің өнері көпшіліктің қошеметіне ие болды. Солтүстікқазақстандық полицейлер барлық мереке күндері өңір қонақтары мен жерлестерінің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.