
Осының алдында ол зейнетақысын алып қойған. Барлық ақша мен банк карталарын жоғалту отбасы бюджетіне үлкен соққы болуы мүмкін еді. Бақытқа орай жақын маңдағы полиция қызметкерлерінің мобильдік тобы болды. Полиция капитаны Азамат Әубәкіров пен полиция аға лейтенанты Сергей Ковальчук жаңа ғана кезекшілікке кірісіп, саябақты айналып өтіп, қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды бастаған болатын.
Зейнеткер полицейлерге жүгінген кезде олар кезекші бөлімге хабарласты. Саябақтың кіреберісінде орналасқан бейнебақылау камералары әмиянды тауып алып, иесіне қайтарып бермекші болған қарт адамды анықтауға мүмкіндік берді. Осылайша, жоғалған әмиян аман-есен иесіне қайтарылды.
Қуанышында шегі жоқ Мамлют ауданының тұрғыны полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Петр Климовқа телефон шалып, қызметкерлерге жеделдігі мен кәсібилігі үшін алғысын білдірді. Ол полиция қызметкерлеріне мықты денсаулық және алдағы мереке күндері тыныш қызмет өткерулеріне тілектес екендігін айтты.