СҚО-да қызмет атқару кезінде қаза тапқан милиция қызметкеріне арнап ауыл мектебінде ерлік бұрышы ашылды

СҚО-да қызмет атқару кезінде қаза тапқан милиция қызметкеріне арнап ауыл мектебінде ерлік бұрышы ашылды

Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні қарсаңында И.П. Шухов атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының алғашқы әскери және технологиялық дайындық сыныбында қызмет атқару кезінде қаза тапқан милиция қызметкеріне арнап ерлік бұрышы ашылды.

Ерлік бұрышын ашуға Жамбыл ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Рустам Мәнбетеев, мектеп директоры Ольга Овчинникова және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Юрий Косинов зор үлес қосты. Полицейлер, ІІО ардагерлері мен ұстаздар оқушыларға жерлестерінің өмірі жайлы айтып берді.

Преснов ауданының тумасы (қазіргі Жамбыл ауданы) жол-патрульдік қызметінің қызметкері Сергей Васильченко 1995 жылы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан уақытта небәрі 24 жаста ғана болған. Болжам бойынша, жас милиционерді жол қозғалысы ережелерін бұзушы өлтіріп кеткен. Қызметтік автокөліктен сол күні толтырылған әкімшілік хаттамаларды алып кеткен.

Оның фотосуреті мен қызметтік куәлігінен бөлек, бұл стендте оның 1993 жылы милицияға қызметке орналасу үшін жазған өтініші қойылған. Ол кезде Сергей балалар мен жасөспірімдер клубында еркін күрестен жаттықтырушы болған, ерікті халықтық дружина құрамына кірген. Бала кезінен әкесінің жолын қуып милиция қатарында қызмет атқаруды армандаған.

Қызметке өтініш тапсырған соң 1994 жылы Павлодар қаласында алғашқы даярлықтан өткен. Стендтегі газеттің қиындысында 30 жылға жақын уақыт бұрын жасалған қылмыс туралы жазылған. Сондай-ақ стендте ҚР ІІМ-нің көңіл айту хаты мен 2010 жылы Пресновка ауылындағы көшелердің біріне Сергей Васильченконың есімін беру туралы аудан әкімінің шешімі көрсетілген.

«Ерлік бұрышындағы құжаттарда жастай ерте өмірден өтсе де, қызметіне адал, сенімді жолдас болып әріптестерінің есінде қалған қызметкердің қызметтегі алғашқы жылдары жайлы айтылған, - дейді аудандық ПБ бастығы полиция полковнигі Асан Мейрамов. – Келешекте өскелең ұрпақтың осындай қызметкер болғанын біліп жүретіні қуантады. Әрі бұл патриоттылықа тәрбиелейді.