
ІІМ 2024 жылғы 10 сәуірдегі бұйрықпен көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына өзгерістер енгізді. Мен негізгі ережелерді түсіндіргім келеді.
Біріншіден, жоғары сұранысы бар МТНБ қайта беру жеңілдетілді. Егер Сіз басқа аймаққа көшіп кетсеңіз, Сіз бұрынғы аймақта алған жоғары сұранысы бар нөміріңізді сақтай аласыз. Бұдан бөлек, Сіз осындай нөмірлерді өзіңіздің жақын туыстарыңызға, яғни ата-анаңызға, бауырларыңызға, әпкелеріңізге, балаларыңызға, жұбайыңызға немесе зайыбыңызға қайта ресімдей аласыз.
Екіншіден, көлікті тіркеу үдерісін жеңілдету үшін оның техникалық сипаттамалары бойынша бірқатар қағаз құжаттардан бас тарттық. Қазақстанда көлікті алғашқы тіркеу кезінде осы құжаттарды біз электрондық түрде мемлекеттік органдардың деректер базасынан аламыз. Сонымен бірге мемлекеттік қызметтер алу кезінде алаяқтық іс-әрекеттердің тәуекелдерін болдырмау мақсатында автомобильдерді сатып алу-сату мәмілелерін нотариалдық куәландыру қажеттігі туралы талап қайтарылды. Сондай-ақ, осы мақсатта көлікті оны алғашқы тіркеу кезінде немесе шанақты ауыстыру, қайта жабдықтау және көлік құралының түсін өзгерту жағдайда криминалистермен міндетті қарап-тексеру енгізіледі.
Сонымен қатар, жеңіл автомобильдеріне және мотоциклдерге, яғни «А және В» санаттарына жүргізуші куәліктерін алу үшін автомектептерде міндетті түрде оқудан өту қажет. Талдау көрсеткедай, бұл көліктің ең көп түрлері ЖКО-ның негізгі қатысушылары болып табылады. Сондықтан оларды басқаруға жүргізуші куәліктерін алу үшін теориялық және практикалық білімді және практикалық жүргізу машықтарын алумен толық оқу курсынан өту қажет.
Барлығы 53 түзету қабылданды. Олар 2024 жылғы 23 сәуірде күшіне енді.
Барлық сұрақтар бойынша Петропавлдағы телефондар бойынша кеңес алуға болады: 8 (7152) 61-25-52, 32-00-22