
26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні. Жыл басынан СҚО полицейлері 99 есірткі қылмысын анықтап, заңсыз айналымнан 127 келіден астам есірткі алды. Сақшылар студенттердің, мектеп оқушылары мен басқа да солтүстікқазақстандықтардың есірткі қылмысының алдын алуда көрсеткен зор көмектеріне тоқтала кетті.
Денис Насретдинов бұрын есірткі қолданған. Бүгін ол балаларға нашақорлықтың құлдығынан шығуға көмектескісі келеді. Петропавлдық басынан өткенмен бөлісіп, есірткі деген жаман дүниені өмірлеріне кіргізбеуге шақырады. «Бұл сіздің басыңызды үлкен машинаның астына салып, қарбыз сияқты жарылатынын немесе жарылмайтынын көрумен бірдей. Жастық жалын мен арынның арқасында сен өзіңді қаншалықты мықты, батылмын деп сезінсең де, есірткіге келгенде бар ерік-жігеріңнен айырылып, әлсіз боласың», - дейді ерікті. «Надежда NORD” қоғамдық қорының еріктілер қозғалысының құрылғанына 3 жыл. Осы жылдар ішінде полицейлерге мектеп оқушылары, студенттер, бұрын есірткі қолданған нашақорлар 15 баланың өмірін сақтап қалуға көмектесті.
«Полицейлерге мектеп оқушылары мен студенттерден құралған еріктілер ұйымы нашақорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсетуде. «Қамқор» және «СҚО іздеу отряды» клубтарының құрамына 500-ге жуық солтүстікқазақстандық бала кіреді. Еріктілердің көмегі әсіресе профилактикалық іс-шараларын жүзеге асыру кезінде сезіледі», - дейді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев.
Екінші жыл Петропавл тұрғындарын қала орталығында сырланған аркалар қуантып келеді. Бұл ерікті Стас Алерттің жұмысы. Талантты петропавлдық суретші ізгілік пен бақытты бейнелейтін жарқын кейіпкерлерді қабырғаларға салған. Петропавл жастар есірткі сатушылардың осындай жарнамалық айла-амалдарына қарсы күрес жариялады. Екі жылда Петропавлда еріктілердің қатысуымен 600-ден астам есірткіге қарсы граффитилер боялды. Карантиндік шаралар кезінде де жас жігіттер мен қыздар атсалысты. Нашақорлықтың алдын алу үшін белсенділер әлеуметтік желілерде және мектеп чатында жариялау үшін есірткіге қарсы бейнероликтер дайындады.
СҚО ПД баспасөз қызметі