Солтүстік Қазақстан облысында аудандық полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысында аудандық полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды

ҚР ІІМ келісімі бойынша СҚО ПД бастығының бұйрығымен Шал ақын ауданы полиция бөлімінің бастығы болып полиция майоры Руслан Мұхамбетжанов тағайындалды.

Руслан Нағашыбайұлы 1986 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2004 жылдан бастап қызмет етеді, ҚР ІІМ Қарағанды заң академиясын аяқтаған. Қызметін мүліктік қылмыстарды тергеу жөніндегі тергеушіден бастап, тергеу және жедел жұмыс бағытында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

Облыстық полиция ведомствосының басшысы полиция полковнигі Марат Төлебаев АПБ жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды. Ол Руслан Мұхамбетжановтың басшылық ету жұмысындағы тәжірибесіне тоқтала кетті. Үш жылда Руслан Мұхамбетжанов соңғы атқарған СҚО ПД Экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығы лауазымында өзін сауатты басшы ретінде көрсетіп, бөлініс қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізді, марапаттары бар.