
Сәуірдің 21-не қараған түні Тайынша аудан орталығында учаскелік полиция инспекторы «Yaqi» скутерін тоқтатты. Басқару құқығы жоқ 31 жастағы жүргізушіден спирттің мүңкіген иісі шығып тұрғандықтан көлік иесі сараптамаға жолданды. Медициналық куәландыру оның алкогольдік мас екендігін көрсетті. Тәртіп сақшылары құқықбұзушының үстінен әкімшілік материал жинап, сот жүргізушіге 20 тәулік қамауға лау түріндегі жаза тағайындады.
Бұдан басқа, Тайынша қаласында скутерді басқарған 15 жастағы жасөспірімнің ата-анасы да жауапкершілікке тартылды. Себебі, бұл көлік құралын тек 16 жастан бастап пайдалануға болады.
"Шағын көлемді көлік иелерінен жол қозғалысы ережелері талаптарын қатаң сақтауын сұраймыз. Жасөспірімдердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балаларыңызға скутер сатып алмас бұрын, олардың заңнаманың барлық талаптарын білетіндеріне және көлік құралын сенімді басқаратынына көз жеткізіңіз деп сұраймыз", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Александр Розбах.
Мысал ретінде, полиция подполковнигі Розбах Явленка аудан орталығындағы оқиғаны келтіреді. Өткен сенбі күні 15 жастағы скутердің жүргізушісі екіншісімен соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы ретінде мінгескен оның құрдасы зардап шекті. Ол облыс орталықтың медициналық мекемесіне жатқызылды. Екі жасөспірімнің ата-аналары 16 жасқа толмаған адамдардың скутер басқарғаны және кәмелетке жасқа толмаған балаларын түнгі уақытта заңды өкілдерісіз серуендері үшін де жауапкершілікке тартылды.