Петропавл қаласының 27 жастағы тұрғыны жалған хабар таратқаны үшін жауапқа тартылды

Петропавл қаласының 27 жастағы тұрғыны жалған хабар таратқаны үшін жауапқа тартылды

Петропавлда WhatsApp мессенджеріндегі чаттарда 27 жастағы қала тұрғынының эвакопункттер орналасқан мектептердің бірінің пмұғалімдер жеткізіліп жатқан гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр деген дауыстық хабарлама таратылды.

Мектеп директоры полицияға жүгінді. Жүргізілген тексеру таратылған ақпараттың жалған екендігін анықтады. Жалған ақпараттың авторы ҚР ӘҚБтК-нің "Жалған ақпарат орналастыру, тарату" бабы бойынша анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 10 АЕК - 36 920 теңге сомасындағы айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Тәртіп сақшылары адамдардан жалған ақпарат таратудан бас тартуды сұрайды.