СҚО-да 23 жастағы полицей қарт ауыл тұрғынының көлігін құтқарып қалды

СҚО-да 23 жастағы полицей қарт ауыл тұрғынының көлігін құтқарып қалды

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауданының 63 жастағы тұрғыны орталық аудандық аурухана ғимаратының алдына «Volkswagen Passat» автокөлігін қойып кеткен. Ол жоқ кезде көлік моторынан өрт шыққан.

Бақытымызға орай, жақын маңда нарколог дәрігердің актісіне қол қоюға келген аудандық полиция бөлімінің жас қызметкері, 23 жастағы Әділ Ілиясов болды. Полиция старшинасы Ильясов ішк істер органдарында 2022 жылдың желтоқсанынан бері қызмет етіп келеді. Ол автотұрақта жағдайды бірден бағдарлаған жалғыз адам болып шықты.

Әділ көліген өрт сөндіргішті пайдаланды. Бейнебақылау камерасынан түсірілген жазбада Әділ өртті байқаған сәттен бастап ашық отты сөндіруге дейін шамамен 30 секунд өткені көрінеді. Автокөлік иесіне едәуір материалдық зиян келуіне жол берілмеді және көрші көліктер үшін қауіп-қатерге жол берілмеді.

Шақыру бойынша келген өрт сөндірушілер өрттің қысқа тұйықталудан болғанын айтты.