Су кетті, жұмыс қалды: СҚО ауданында полицейлер қараусыз қалған үйлерді күзетуді жалғастыруда

Су кетті, жұмыс қалды: СҚО ауданында полицейлер қараусыз қалған үйлерді күзетуді жалғастыруда

Эвакуациялау кезінде 30 адам оның ішінде 7 баланы қауіпсіз жерге шығаруға тура келген Ғ.Мүсірепов атындағы аудан ауылдарының рекордтық су тасқынының беті қайтты. Новоишимское аудан орталығында ең көп су басуға шеткі Набережная және Интернациональная көшелер ұшырады. Судан зардап шеккен үйлерге оралуға әлі ерте болғандықтан адамдар күндіз келіп, тұрғын үйлерін қалпына келтіре бастады. Ал түнгі уақытта туыстарына барып қонуға мәжбір. Полицейлер болса бұрынғысынша ауыл тұрғындарының мүлкін күзете отырып, тәулік бойы кезекшілік етеді. Әрбір адам таныс болғандықтан баршасымен әңгімелесу жұмыстарын өткізіп отырады.

Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Нарлан Жұмабаев елді мекендерді күзететін жасақтарды, жолдардағы бекеттерді үнемі тексеріп отырады. Қазіргі уақытта аудан орталығы мен Червонный ауылы арасындағы жол үстінен судың өтуі сақталуда. Полиция қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін жақын маңда кезекшілік атқарады.

"Облыстық полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдиновтың өкімі бойынша Новоишим және Привольный ауылдарының арасындағы көпірге жеке пост қойылды. Мұнда адамдар жайылған суға қарауға жиі тоқтайтын көрінеді. Алайда, тасыған су жарды шайып жатқандықтан бұл өте қауіпті. Жалпы ауданда су тасқыны жағдайы тұрақты, мародерлік фактілерінің алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау бойынша тәулік бойы жұмыс жалғасуда", - деп хабарлайды аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Марат Әлжанов.