
СҚО полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов Петропавл қаласының Ойқала шағын ауданында және Кожевенный кентінде полицейлердің іс-қимылын жеке өзі үйлестіруде, 13 сәуірдегі түскі уақыттағы жағдай бойынша Есіл өзені жақтан су басуда.
Полиция мен ТЖД бөлімшелерінің қызметкерлері, 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, Ұлттық ұлан академиясының курсанттары, дәрігерлер, еріктілер - су тасқынына қарсы іс-шараларға барлық күштер мен құралдар жұмылдырылды.
Офицерлер мен сержанттар өз өмірлерін қатерге тігіп, табиғат апаты кезінде адамдарды жанқиярлықпен құтқарып жатыр. Оқиғалар шежіресі әр сағат сайын құтқарылған адамдардың мысалдарымен толықтырылуда. Алдыңғы қатарда полиция қызметкерлері, ТЖД қызметкерлері және әскери қызметкерлер бар. Осылайша, ойқлада СҚО ПД Кинологиялық қызметі орталығының кіші инспектор-кинологы полиция кіші сержанты Жасұлан Бағжанұлы мен полиция қызметкері Петропавл станциясының желілік полиция тобының патрульдік полицейі қатардағы Мәди Төлебай егде жастағы ер мен әйелді құтқарды. Құтқару кезі видеоға түсіп қалған. Қазіргі уақытта құтқарылғандардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Полицейлер Бағжанұлы мен Төлебай қазір су басқан шағын ауданда қызмет атқаруда.