В СКО полицейские эвакуируют пригородное село

В СКО полицейские эвакуируют пригородное село

Үлкен су Қызылжар ауданының Прибрежное ауылына қауіп төндірді. Жергілікті атқарушы органдар мен шұғыл қызметтердің күшімен жалпы эвакуация жүргізіледі.

Өкінішке орай, барлық тұрғындарда қауіп туралы нақты түсінік жоқ. Қазіргі уақытта үйлерін қалдырғысы келмей жатқан 470 адам бар. Полиция қызметкерлері, оның ішінде СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Тәртіп сақшылары ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың адам шығынын болдырмауға бағытталған толық эвакуациялау туралы талабын жеткізді. Қалдырылған мүлікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін полиция қызметкерлері жауапты болады.