
Речпорт аймағындағы күзетші болып жұмыс істейтін 64 жастағы қала тұрғыны су тұтқынында қалып қойды. Дауыл ағыны оны құрлықтан кесіп тастады. Күзет агенттігінің директоры қызметкерді эвакуациялауға үлгермей қалды. Содан кейін ол айналма жолда кезекшілік атқарып тұрған полицейге жүгінді. Бұл полиция аға сержанты Константин Сычев болды. Ол болған оқиға туралы ақпаратты Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиевке баяндап берді.
Су тез келді, әр минуттық кідіріс адам өміріне қауіп тудырды. Полиция полковнигі Жұмалиев дереу ПБ қызметкерлерімен және Заречный кентінің ауданындағы тәртіп сақшыларының қарамағында тұрған үш моторлы қайықтың бірімен келді.
Қаладық ЖПҚ бөлімшесі бастығының орынбасары Жақсылық Байбосыновтың басшылығымен тәртіп сақшылары 300 келілік кемені үйінді бөгет арқылы қолдарына алып өтті. Полиция капитаны Азат Исаев пен полиция сержанты Нұрлан Көкабаев қайыққа отырды. Таяз тереңдікке байланысты ескекпен жүруге тура келді. Күшті ағынмен жүріп, олар күзетші құтқаруды күтіп тұрған қақпаға жүзіп, оны жағаға аман-есен жеткізді. Операция шамамен 8 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде су кем дегенде 4 метрге төгілді.
Петропавл полициясының балансында қала әкімдігі берген 5 қайық бар. Қазіргі уақытта олардың барлығы су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда.