
Заречный кентіндегі су астында қалу қаупі бар эвакуацияланған аумақта түнгі кезекшілікке түсетін жеке құрамға заңдылықты бұзу фактілерін болдырмау жөнінде нұсқаулықтар берді. Бұл ауданда байқалған азаматтық адамдарды тексеру, жеке басын және пайда болу мақсатын анықтау қажеттілігін жеткізді. Сондай-ақ қызметкерлер басқа да шұғыл қызметтерге жан-жақты жәрдемдесуге бағдарланды. «Ең бастысы - біз адам шығына жол бермеуіміз керек», - деп атап өтті Айдын Қабдұлдинов.
Сонымен қатар, облыс полициясының басшысы Заречныйға кіре берісіндегі бекеттердің жұмысын, сондай-ақ адамдар қалдырған саяжайлардың қалай күзетілетінін тексерді. Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Заречный саяжайы тәртіп сақшылары, соның ішінде атты полицияның күшімен үнемі бақылауына алынған.
Сәуірдің 12-і күні таңертең полиция полковнигі Қабдұлдинов Петропавлдағы Былғары, Қызылжар ауданының Тепличное және Прибрежное ауылдарын аралап шықты. Барлық полиция қызметтері жергілікті атқарушы органдармен және Төтенше жағдай қызметкерлері су тасқынына қарсы іс-шараларға барынша жұмылдырылған.