Полиция қызметкерлері Петропавлдың су тасқыны қаупі бар учаскелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде

Полиция қызметкерлері Петропавлдың су тасқыны қаупі бар учаскелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде

Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жеке сектордың су тасқыны қаупі бар учаскелеріндегі үй аулаларын аралауды жалғастыруда. Заречный, Кожевенный кенттері, Есіл өзенінің жанындағы саяжай массивтері - өткен жексенбіде бұл орындарды қалалық ведомствоның 25 полицейі аралап, айналып өтті.

Күннің екінші жартысында учаскелік полиция инспекторларынан үш саяжай қоғамына кіре берісте бекеттер қойылды. Қажетті ұйымдастырушылық және профилактикалық жұмыстарды полицейлер жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен және ТЖ қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста жүргізеді.

Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айдын Ахмағамбетовтың айтуынша, полиция қызметкерлері эвакуациялау алгоритмі туралы хабарламаларды таратады.