
6 сәуір – ІІО жүйесінде тергеу органдарының құрылған күніне орай Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде тергеу бөліністерінің бірқатар қызметкерлері марапатталды.
ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембин ерекше алғысқа толы сөздерін айтып, ішкі істер министрлігінің алғыс хатын полиция подполковнигі Наталья Милёшинаға табыс етті. Ол Петропавл қ. ПБ-ның құрамындағы екінші полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінде 27 жыл қызмет атқарып келеді. «Мұндай адамдар – біздің мақтанышмыз, - дейді полиция полковнигі Еңбек Сембин. – Оның еңбек жолы тергеушілердің жас буыны үшін үлгі боларлық».
ІІМ-нің грамотасымен Тайынша ауданы полиция бөлімінің полиция капитаны Ержан Ыбыраев марапатталды. Ол осы күні марапат алған жас тергеушілердің бірі. Бұл қызметте жүргеніне 5 жыл болған. Ал «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі полиция майоры Оксана Липатова берілді. «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен полиция подполковнигі Надежда Акопян марапатталды. Полиция капитаны Дидар Баграмовқа ІІМ-нен алғыс жарияланды.
Зейнетке шықса да жастардан көмегін аямай жүрген ІІО ардагері Күлбарам Бәкенова ПД басшылығының қолынан бағалы сыйлық алды. Еңбек Сембин кәсіби мереке қарсаңында аса ауыр қылмысты ашқан полиция майоры Дінмұхамед Шонаевқа ризашылығын білдірді. Бұл күні 30-дан астам солтүстікқазақстандық тергеуші марапатталды.
«Өткен жылдары қылмыспен күрес кезінде, заңдылықты нығайтуда тергеушілермен қыруар жұмыс атқарылды. Тергеу аппараты – Қазақстан Республикасының ІІО жүйесінде ерекше құрметке лайықты жетекші бөліністердің бірі», - деп атап өтті Еңбек Сембин қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтау сөзінде.