Солтүстікқазақстандық полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеуде. Операцияның алғашқы күні облыс жолдарында 500-ден аса құқық бұзушылық анықталды. «Барлық қабылданған шаралар жолдардағы тәртіпті нығайтуға бағытталған. Бұл өз кезегінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне септігін тигізеді. Көбіне жол қозғалысы ережесіне мән бермейтін, жол-көлік оқиғасына қатысы бар деген жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге профилактикалық жұмыстар күшейтілді», - деді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев.
Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде патрульдік полиция экипаждарының саны көбейтілді. Бұл күндері жолдарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда, сондай-ақ елді мекендерде қызмет атқаратын 119 автопатруль жұмылдырылды. Жылдамдық режимін арттырғаны үшін бір күннің ішінде 70 жүргізуші жазаға тартылды. 14 адам масаң күйде рөлге отырған. 7 автомобиль жүргізушісі көлік құралын басқару құқығынан айрылғандар. Қауіпсіздік белдігін тақпаған 81 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Жолдағы тәртіпсіздігі үшін жаяу жүргіншілерде де жазаланды. СҚО-да бір күннің ішінде белгіленбеген жерден жолды кесіп өтудің 84 фактісі анықталды. Айып тұрағына 5 автокөлік қойылды.
СҚО ПД баспасөз қызметі