Петропавл полицейлері көлік басқарып келе жатып өзін жайсыз сезінген әйелге көмектесті

Петропавл полицейлері көлік басқарып келе жатып өзін жайсыз сезінген әйелге көмектесті

СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевқа Петропавл қаласында тұратын анасына көмек көрсеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне жылы лебіздерін баласы ала келген. 15 маусым күні көлік басқарып келе жатып, «City-mall» СҮ маңында Уәлиханов көшесі бойында өзін жайсыз сезінген. Есінен танып бара жатып, шетке қарай тоқтап үлгерген. Жолдың қарсы бағытында келе жатқан полиция кіші лейтенанттары Асхат Ахметов пен Мадияр Жанболсынов бұл қозғалысты байқайды.

«Олар бірдеңе болғанын сезді, - деп жазды Гүлнар Садыққызы. – Тез әрі нақты әрекет етіп, маған алғашқы көмек көрсетті, су берді, есімді жинатқызып, «жедел жәрдем» шақырды. Содан соң көлігімді дұрыстап қойып, кілтін әкеліп берді және жедел жәрдемге дейін шығарып салды. Осындай өз ісіне адал қызметкерлер барда алаңсыз ұйықтай беруге болады. Қызметтеріңізге мың алғыс!».

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, экипаж патрульдерінің кезекшілікке түсер алдында алатын тапсырмалары – адамдарға көмек көрсету.

Бұл облыс орталығының көшелерін патрульдейтін Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонына да, қала сыртындағы тас жолдарда қызмет көрсететін Департаменттің ППБ да қатысты. Әсіресе, қаладан шалғай жердегі көмек маңызды. Бұны Челябі-Новосібір автожолындағы болған оқиға растайды.

17 маусымда Бәйтерек және Полудино ауылдарының ортасында Омбы қ. сусын тасымалдап жүрген «Mercedes» жүк көлігінің оң жақ доңғалағы жарылып, үйкелістен тұтанған. Өртті ауыздықтауға 64 жасар Бішкектің тұрғынына жолшыбай кетіп бара жатқан жүргізушілер көмектескен. Жолаушылардың бірі жолда патрульдерді кездестіріп, болған жайды айтып берген. Полиция аға лейтенанты Сүлеймен Нұрғалиев пен полиция лейтенанты Сергей Михайленко оқиға орнына келеді. Жүргізушінің жағдайы қиындаған: амортизатордың ауа көпшіктері істен шыққан. Полицейлер көмек сұраған Бәйтерек ауылының тұрғындары көлікті жөндеуге көмектесті. Полицейлер жайсыз оқиғаға тап болған жүргізушіге қол ұшын созғандардың барлығына алғыс білдіреді. «Біз Солтүстік Қазақстан жолдарының қауіпсіз болуы үшін қызмет атқарамыз, - дейді олар. - Бұл мәселелерді тек біздің қатысуымызбен ғана шешу мүмкін емес. Өзара түсіністік, бір-бірімізге деген өзара қамқорлық таныту – жол қозғалысына қатысушылардың амандықтарының кепілі».

СҚО ПД баспасөз қызметі