
СҚО полицейлері көлік құралын масаң күйде басқару фактілерін анықтау мен жолын кесу бойынша жұмысты ұдайы түрде жүргізеді. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен төрт күн ішінде облыста 49 осыған ұқсас жағдай тіркелді. Көлікті масаң күйде жүргізу ауыр салдармен болатын ЖКО әкеп соқтырады. Осындай жағдай Петропавлда 9 маусымның кешінде орын алды.
Рыжов көшесінің бойында 26 жастағы қала тұрғыны «Racer» мотоциклімен қозғала отыра, Петропавл қаласының 1972 жылы туған тұрғыны басқарған «Daewoo Matiz MХ» автокөлігімен соқтығысқан. ЖКО нәтижесінде мотоциклдің жолаушысы емделуге жатқызылып, жүргізушіге медициналық көмек көрсетілді. Қан сараптамасы ЖКО жасаған кезде оның орташа дәрежедегі масаң күйде болғанын көрсетті. Қазіргі уақытта кінәліні қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселе шешілуде. Бұдан басқа, мотоциклдің иесіне тіркелмегені белгілі болды, осыған орай оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша материал жиналды.
«Барлық көлік құралдарының иелеріне биылдан бастап масаң күйде ЖКО жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы енгізілгенін естеріне саламыз, — дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев. — Егер ЖКО адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірсе, кінәлі 10 жылға көлікті басқару құқығынан айырылып, бір жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға жазаланады».
СҚО-да барлығы жыл басынан мас жүргізушілер 25 ЖКО жасаған. Оның төртеуінде екі адам жарақат алып, екеуі қайтыс болған.
СҚО ПД баспасөз қызметі